
Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында «Абай жолы» веложарысының Абай облысында өткізілуі жоспарланғанымен, оның басқа өңірге ауыстырылуы туралы ақпараттың таралуына байланысты келесіні хабарлаймыз:
-Ағымдағы жылдың қыркүйек айында өңірлік спорттық іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес, кикбоксингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты, бірқатар ірі республикалық турнирлер, сондай-ақ облыстық чемпионаттар өткізілуі жоспарланған. Аталған іс-шараларға сапалы дайындық жүргізу қажеттілігіне және жүктеменің жоғары болуына байланысты, Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Қазақстан РеспубликасыныңТуризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне веложарысты басқа өңірге ауыстыру туралы ресми хат жолдады.
Басқарма тарапынан Қазақстан Республикасы чемпионаттары мен өзге де маңызды спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге дәстүрлі түрде қолдау көрсетіліп келеді және Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы бұдан әрі де бұқаралық спортты дамытуға және өңірдің имиджін арттыруға ықпал ететін спорттық бастамаларға қолдау көрсетуді жалғастырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/1052346?lang=kk
Жауап қалдыру