
Алматы қаласы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі К.М. Малдыбаев Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының “Еңбек мобильдігі орталығы” КММ-ге мониторингтік сапармен барды, онда келу кезінде басты міндеттердің бірі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына және көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына мониторинг жүргізу болып табылады.
Орталық Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексінде көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында өз функцияларын филиалдар түріндегі мансаптық орталықтар арқылы жүзеге асырады және фронт-офистер рөлін атқарады және ізденушілер мен жұмыс берушілерге қызмет көрсету сапасына шоғырланады.
Сапар барысында Орталық қызметкерлерімен және басшылығымен азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын сақтауға қатысты әңгіме жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-almaty/press/news/details/1052336?lang=kk
Жауап қалдыру