«Ақ мая Fest»: Айрақтыдағы шұбат фестивалінде шеберлік сабақтары өтіп жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Айрақты тауының баурайында ұйымдастырылған «Ақ мая Fest» фестивалінде шұбаттан түрлі тағамдар әзірлеудің шеберлік сабақтары өтіп жатыр. Іс-шараға Маңғыстау облысының түкпір-түкпірінен шаруа қожалықтарының өкілдері қатысып, өз өнімдерін ұсынуда.

Атап айтқанда, Маңғыстау ауданынан – «Алдоңғар» шаруа қожалығы, Ақшұқыр ауылынан – «Жеті лақ фермасы», Шетпе ауылынан – «Құлжановтар» шаруа қожалығы, Түпқараған ауданынан – «Нұрай» шаруа қожалығы, Жаңаөзен қаласынан – «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС жиылған жұртшылық назарына өз өнімдерін ұсынуда.

Фестиваль барысында қатысушыларға шұбат-смузи, шұбаттан құрт пен табиғи сүзбе әзірлеу жолы көрсетілді. Сондай-ақ балқаймақ пен шұбаттың бірнеше түрі таныстырылып, көпшілік дәм татты.

– «Алдоңғар» шаруа қожалығы бүгінгі «Ақ мая Fest» шұбат фестиваліне Маңғыстау ауданынан арнайы келіп, өз өнімін ұсынып отыр. Шаруа қожалығының иесі – Сатыбалды Алдоңғар. Шаруашылық негізінен түйе өсіреді. Шұбаттан құрт, сүзбе, май, ірімшік секілді өнімдер дайындаймыз. Біздің мақсат – ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық сусынды дәріптеу және халыққа оның түрлі қоспасыз, табиғи түрін жеткізу, – деді «Алдоңғар» шаруа қожалығының өкілі Ақбала Алдоңғар.

Фестиваль қонақтары қожалықтар ұсынған өнімнен дәм татып қана қоймай, ұлттық сусынды әзірлеу әдіс-тәсілдерімен танысты.

 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1052580?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді