«Ақ Мая Fest»: шұбат фестивалі гала-концертпен жалғасты

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Айрақтының баурайында өткен шұбат фестивалі кезінде қазақ эстрадасының жұлдыздары қатысқан гала-концерт өтті. Ашық аспан астында ұйымдастырылған мәдени іс-шарада көрермендерге ерекше шоу ұсынылды.

Аталған кеште симфониялық оркестр, диджейлер мен рэп орындаушылар өнер көрсетіп, концертке заманауи реңк бере түсті. Гала-концерттің басты хедлайнері – Ерке Есмахан, Raim, Luina, Amre, Yenlik және «Ұлытау» тобы болды.

– Бүгінгі фестиваль ерекше өтіп жатыр. Бірнеше әндерімді орындадым. Айрақтының баурайында ән айту маған ерекше сезім сыйлады. Маңғыстаулықтарға мың алғыс. Нағыз қонақжай, рухы биік халықсыздар, — деді кеш барысында әнші Yenlik.

Фестиваль кезінде мәдени кешке 15 мыңнан астам көрермен жиналды. Көпшілік ерекше көңіл-күймен бөлісіп, өңірдің мәдени өміріне серпін беретін осындай шаралардың жиі ұйымдастырылу қажеттігін атады.

– Биыл Маңғыстау өңірі үшін тарихи жыл болды. Облысымыз ұлттық киіммен Гиннесс рекордын орнатып, «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы – 2025» деген мәртебеге ие болды. Бұл – барша маңғыстаулық үшін үлкен мақтаныш, – деді маңғыстаулық Жәмила Дәуқараева.

 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1052588?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді