
Ауданда аялдама павильондарын абаттандыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі.
Оларды санитарлық тазалау жұмыстары аптасына екі рет (құрғақ және ылғалды) орындалады. Алдымен беткі қабаттары жағымсыз иістерді жоятын арнайы көбікті ерітіндімен өңделеді, кейін сумен шайылып, әйнектер мұқият сүртіледі.
Сонымен қатар, сыртқы келбетін жаңарту шаралары да қатар атқарылуда. Қазіргі уақытта «Үркер» тұрғын алабында аялдамалар боялуда. Бұл олардың жинақы әрі ұқыпты көрінісін қамтамасыз етіп, қоғамдық көлікті күту жағдайын барынша қолайлы етеді.
Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жалғасуда. Жоспарлы жұмыстардан бөлек, iKomek пен әлеуметтік желілер арқылы келіп түсетін тұрғындардың өтініштері де орындалады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-nura/press/news/details/1052468?lang=kk
Жауап қалдыру