БЕЙНЕУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ХХXII СЕССИЯСЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

БЕЙНЕУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ХХXII СЕССИЯСЫ

         Ағымдағы жылдың 15 тамыз күн Бейнеу аудандық мәслихатының үшінші тоқсанда бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті 32-сессиясы өтті. Кезекті сессияға аудан әкімі Шалбаев Рахымжан Ысқақұлы, аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы ,бөлім басшылары мен ауыл әкімдері қатысты.

         Аудандық мәслихат төрағасы Бораш Ардақ Раббимұлы төрағалығымен өткен кезекті сессияда 9 мәселе қаралды.

1.Бейнеу  ауданы   әкімдігінің   өзіне   жүктелген   функциялар   мен  міндеттерінің орындалуы туралы есебі.

                                                                                     

2.Аудан және  қарасты  елді  мекендердің  күзгі – қысқы   маусымға дайындығы бойынша атқарылып жатырған жұмыстар туралы.

 

3.Бейнеу ауданда  мүгедек   адамдардың  құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылда атқарылып жатқан жұмыстары туралы.

 

4.Бейнеу аудандық мәслихатының 2023 жылғы  23 қазандағы  №7/71  «Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың  жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне  өзгеріс  енгізу туралы.

 

5.Бейнеу  аудандық   мәслихатының   2024   жылғы  14  наурыздағы №17/121 «Бейнеу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

 

6.Бейнеу аудандық  мәслихатының  2024  жылғы  25  желтоқсандағы №24/182 «2025 – 2027 жылдарға арналған  аудандық  бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

7.Бейнеу ауданының  аумағында  жергілікті  қоғамдастықтың  бөлек жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің  сандық құрамы  бекіту туралы.

 

  1. Бейнеу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 11 наурыздағы № 26/204 «Аудандық жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы » шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

 

  1. Бейнеу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 қазандағы № 17/140 «Аудандық әкімдіктің дербес құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

 

Сессия барысында қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жауапты органдарға нақты тапсырмалар жүктелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-maslihat-beineu/press/news/details/1052547?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді