Соңғы уақытта интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық фактілері жиілеп кетті. Осындай қылмыстардың құрбаны болмас үшін сақ болыңыз:
Жеке деректеріңізді (ЖСН, SMS-тен келген кодтар, банк картаңыздың CVV коды) бөтен адамдарға бермеңіз.
Күмәнді сілтемелерге мессенджерлерден немесе e-mail арқылы келген болса да, кірмеңіз.
”Картаңыз бұғатталды” немесе “Сыйлық ұтып алдыңыз” деген қоңырауларға сенбеңіз — бұл алаяқтардың айласы.
Күмәнді хабарламалар алған жағдайда ақпаратты банктің ресми өкілдерінен немесе туыстарыңыздан анықтап алыңыз.
Есіңізде болсын: алаяқтар өзін банк қызметкері, полиция, мемлекеттік орган қызметкері немесе танысыңыз ретінде таныстыруы мүмкін.
Сақ болыңыз, қаражатыңызды қорғаңыз!
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1052355?lang=kk
Жауап қалдыру