Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудамен айналысатын субъектілер назарына!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Республикасы Кодексінің 233-бабы 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген, сапасы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестік сертификатымен расталмаған және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуге тыйым салынатындығын ескертеміз.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 ақпандағы «Дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі «әрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығының талаптарына сәйкес, көтерме және бөлшек саудада өткізу субъектілері фармацевтикалық қызметке лицензияның және оған қосымшаның немесе қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабардар ететін құжаттың (оның ішінде электрондық құжаттың басып шығарылған көшірмесінің) көшірмелері танысу үшін ыңғайлы жерде орналастырылады.

Сондай-ақ, Департамент маркетплейстерде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сату үшін «рұқсат» алу мақсатында, субъект келесі құжаттарджы ұсыну қажет екенін түсіндіреді: сатылатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға тіркеу куәлігі; дәрілік заттарды (дәрілік заттар үшін) бөлшек саудада өткізуге қосымшасы бар фармацевтикалық қызметке лицензия; медициналық бұйымдарды (медициналық бұйымдар үшін) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талоны.

Осыған байланысты, облыс тұрғындарынан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тек фармацевтикалық  қызметке лицензиясы бар дәріханалардан саптып алуды сұрайды!

Жоғарыда аталған заңнама талаптарын бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» № 235-V ҚРЗ Кодексінің 426-баьының 3-тармағына сәйкес айыппұл көзделгендігін ескертеміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-atyrau/press/news/details/1052916?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді