Көкшетауда жұмысшы мамандықтарына арналған республикалық айтыс өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Көкшетау қаласында «Құрмет саған, құрылысшы!» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Шараның мақсаты – жұмысшы мамандықтарын насихаттау және олардың беделін арттыру.

Іс-шара Көкшетау қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып, еліміздің түкпір-түкпірінен келген талантты айтыскер ақындарды бір сахнаға жинады. Бас демеуші – «ЖК Жакупов» құрылыс компаниясы.

«Құрмет саған, құрылысшы» айтысының Көкшетау жерінде өтуі – өңіріміз үшін үлкен мәртебе. Бұл – жай ғана сөз шеберлерінің сайысы емес, құрылысшылардың еңбегінің маңыздылығын мойындау, олардың тек өңіріміздің ғана емес, бүкіл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесін бағалау», – деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде.

Айтыстың жүргізушісі – белгілі айтыскер ақын, ғалым, қоғам қайраткері Аманжол Әлтаев болды.

Қазылар алқасының құрамына мәдениет пен ғылымның танымал қайраткерлері енді. Олардың қатарында – филология ғылымдарының докторы, академик, жазушы әрі журналист Уалихан Қалижан, филология ғылымдарының докторы Қойлыбай Асанов, ақын Серікзат Дүйсенғазы, айтыскер ақын Арман Бердалин, Халықаралық ақындар-айтаскерлер одағы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, жыршы-термеші Құдайберлі Мырзабеков және мәдениет саласының басқа да құрметті өкілдері бар.

Сахнаға еліміздің әр аймағынан келген белгілі айтыскер ақындар шықты: Дәурен Ақсакалов пен Біржан Байтуов (Шымкент), Аспанбек Шұғатаев пен Рауан Қайдар (Павлодар), Нұрбол Жауынбаев (Ақтөбе), Нұрзат Қару (Алматы), Еркебұлан Қайназаров (Түркістан облысы), Мұхтар Қонарбай (Жамбыл облысы), Мұхаммед Қонқаев пен Ерлан Дәулет (Ақмола облысы).

Бұл айтыс мәдени шара ғана емес, сондай-ақ жұмысшы мамандықтары мен құрылыс саласының Қазақстандағы маңызын қоғамдық деңгейде мойындатуға қуатты серпін берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1052405?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді