Мәжіліс депутатының жұмыс сапары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген жаңалықтарды талқылауға арналған Форум КГУ «Қоғамдық келісім» акт залында өтті.
👥 Іс-шараға көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару субъектілерінің өкілдері, сондай-ақ облыстық және қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

Екатерина Васильевна ОСИ (мүлік иелерінің бірлестігі) үшін маңызды өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті:

✅️ басқаруға арналған базалық тариф ЕТЖ-ге (МРП) байланысты болады (1 м² үшін жылына 2–3 теңгеге өседі);
✅️ ОСИ шаруашылық қызметті әртүрлі форматта жүргізе алады;
✅️ үйді басқару — өз бетінше, басқарушы компаниямен немесе кәсіби басқарушымен жүзеге аса алады;
✅️ төрағаның өкілеттік мерзімі 3 жылға дейін ұзартылды, әлеуметтік пакет енгізілді;
✅️ ОСИ-ны тіркеу жеңілдетілді, бірақ тарату күрделенді (кворум — 2/3);
✅️ берешекті өндіріп алу мерзімі 3 айдан 2 айға қысқартылды;
✅️ жиналыс хаттамасы мен сауалнама парақтары ресми құжаттар ретінде танылады.

💬 «Бұл өзгерістер белсенді тұрғындардың энтузиазмына ғана емес, заңға негізделген тұрақты әрі ашық басқаруды қамтамасыз етуге бағытталған», — деп атап өтті депутат.

🤝 Кездесу мазмұнды өтті: қатысушылар заңды қолдануды жетілдіру жөнінде ой-пікірлерін және ұсыныстарын ортаға салды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kokshe-inspekcia/press/news/details/1052543?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді