Облыс әкімі Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы жұмыс сапарымен Марқакөл ауданына келді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       Облыс әкімі жұмыс сапарымен Марқакөл ауданына келді. Тұрғындармен кездесу барысында. Туризмді дамыту, инфрақұрылымды жаңарту, интернетпен қамту, денсаулық сақтау мен жұмыспен қамту мәселелері талқыланды.
Тұрғындармен ашық диалог өткізіліп, 2029 жылға дейінгі даму жоспарлары талқыланды. Жоспарға сәйкес:
      52 млрд теңгеден астам бюджет қаржысы,
      15,5 млрд теңгеден жоғары жеке инвестиция қарастырылған.

       Ауданда туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінбек: туристік қалашық, қонақ үйлер және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асады. Сондай-ақ:
       23 елді мекен ауыз сумен қамтылған;
       2027 жылға дейін жоғары жылдамдықтағы интернет тартылады;
       Денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, шағын бизнесті қолдау мәселелері көтерілді.

       Сапар барысында облыс әкімі аудандық аурухана, «Қазпошта» бөлімшесі, мектеп-интернат-колледж бен бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Мектеп шатырын жөндеу бойынша нақты тапсырма берілді.

       Азаматтардың ұсыныстары қабылданып, бақылауға алынды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-markakol/press/news/details/1052305?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді