
Егер сіз Біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге пайдаланған болсаңыз және сол сомаға ЖТС (жеке табыс салығы) ұсталса – сіз үшін маңызды жаңалық бар! Егер сіз әлеуметтік осал санатқа жататын болсаңыз, ұсталған ЖТС қайтаруға құқығыңыз бар. Ең бастысы – өтініш беру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды! (бұрын 3 жыл болатын – көп адам үлгермей қалған) Кімдер салықты қайтара алады? Егер сіз төмендегі санаттардың біріне кірсеңіз:
- 1, 2 немесе 3 топтағы мүгедектігі бар адам
- Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-ана, қорғаншы немесе қамқоршы •Асырап алушы – Соғыс ардагері (толық тізбесі Салық кодексінің 346-бабында көрсетілген) Салықты қалай қайтаруға болады?
- Жақын жердегі БЖЗҚ филиалына барыңыз;
- Өтініш толтырыңыз;
- Құжаттарыңызды өткізіңіз;
- Егер салық бұрын ұсталған болса, ЖТС жеке зейнетақы шотыңызға қайтарылады. Ал егер салық кейінге қалдырылған болса, оны төлеудің қажеті болмайды.
Мерзімі – 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді.
Толығырақ – enpf.kz сайтында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-astana/press/news/details/1052440?lang=kk
Жауап қалдыру