ҚМА заңсыз алтын өндіру әрекетін тоқтатты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚМА ШҚО  департаменті ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, Ұлан ауданы Шыбынды өзенінің аңғарында бағалы металдарды заңсыз өндіру және жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактісін анықтады.

Күдіктілер заңнама талаптарын бұзып, лицензиясыз екі жыл бойы өзен арнасын өзгерте отырып заңсыз алтын өндірген.

Кен өндіруде ауыр арнайы техника мен кенді қайта өңдеуге арналған өнеркәсіптік жабдық қолданылған.

ЖШС заңсыз қызметі салдарынан келтірілген тек экологиялық залал 300 млн теңгеден асты.

Тінту барысында құны 382 млн теңге құрайтын 6 кг алтын тәркіленді

Ұйымдастырушы екі ай мерзімге қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

 

ҚМА Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/press/news/details/1052632?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді