Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында өзекті мәселелер қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, күн тәртібіндегі үш мәселе талқыланды.

Отырыстың жұмысына  «Смарт Автобус ПВ» ЖШС басшысы Андреев Виталий Геннадьевич және «Жоламан-Эк» ЖШС директорының орынбасары Козловский Александр Иванович, «Экибастузкоммунсервис» ЖШС директоры Умиев Нурланбек Темирболатович және «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі Зайкен Мади Асқаұлы баяндады.

Қоғамдық кеңес мүшелері «Екібастұз қаласының  қоғамдық жолаушылар көлігінде жекелеген санаттағы тұлғалардың (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен Екібастұз қаласы әкімдігінің қаулысы және Екібастұз қалалық  мәслихатының шешімі жобасын қарады.  Шешімнің  жаңа редакциясында тегін жүру құқығына ие азаматтардың тізімі келесі санаттармен толықтырылды: мүгедектігі бар адамдарға еріп жүретін тұлғалар;1949 жылдан 1990 жылға дейінгі аралықта Семей ядролық полигоны аумағында тұрған азаматтар; пробация қызметінің қызметкерлері.

Күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі «Екібастұз қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму бойынша жаңа тарифтерді бекіту туралы» шешемі  жобасын талқылау болды. Баяндамашының айтуынша, 2023 жылдан бері қолданыстағы тариф көрсетілетін қызметтің шығындарын өтемейді және «Экибастузкоммунсервис» ЖШС-нің дамуы, жаңғыртылуы және тиімді жұмыс істеуі үшін қажет пайда әкелмейді.

Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері бірқатар нақтылаушы сұрақтар қойды.

Жаңа тариф енгізілген жағдайда  Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 28/4 «Екібастұз  қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылады.

Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес ұсынылған нормативтік құқықтық актілер жобаларын қолдау туралы шешім қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1052605?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді