
Бүгінде мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электронды форматта қолжетімді. Енді сіздер ауылдан шықпай-ақ, өз үйіңізде отырып, eGov порталы мен eGov Mobile қосымшасы арқылы көптеген қызмет түрлерін пайдалана аласыздар.
📌 Электронды түрде алуға болатын қызметтер:
Жеке куәлік пен төлқұжатқа өтініш беру;
Жер учаскесіне құжат рәсімдеу;
Әлеуметтік төлемдер мен зейнетақыға қатысты қызметтер;
Баланы балабақшаға, мектепке тіркеу;
Салық төлеу және анықтама алу.
Егер онлайн қызметтерді пайдалануда қиындық туындаса, ауылдық округ әкімдігіне немесе ХҚКО-ға (ЦОН) жүгінуге болады. Мамандар сізге көмек көрсетеді.
👉 Уақытыңызды үнемдеңіз, мемлекеттік қызметтерді заңды әрі ыңғайлы жолмен алыңыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-konyr/press/news/details/1052407?lang=kk
Жауап қалдыру