
Спорт күні мерекесінің қарсаңында аудандық Мәдениет үйінде Сандықтау ауданының спортшыларын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өткізілді.
Сандықтау ауданы әкімі атынан аудан әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанова құттықтау сөз сөйледі. Ол облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда аудан намысын абыроймен қорғаған спортшыларға шынайы алғысын білдіріп, спорттың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы және қоғамдағы бірлікті нығайтудағы маңыздылығын ерекше атап өтті.
Мерекеге орай дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін аудан бапкерлері мен спортшылары алғыс хаттармен марапатталды. Олар өз еңбегі мен табандылығымен жас ұрпақты ынталандырып келеді.
Сонымен қатар, аудан спортшылары облыстық «Хрустальный колос», «Ақбидәй», «Үміт», «Құлагер» спартакиадаларына белсенді қатысып, жоғары дайындық деңгейі мен спорттық рухын көрсетуде. Ауданның мемлекеттік қызметкерлері де «Отан» спартакиадасының белсенді қатысушылары болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1052353?lang=kk
Жауап қалдыру