
Сарыағаш ауданы бойынша сайлау комиссияларының кейбір шығып қалған мүшелерінің орнына сайлау өткізілетіні туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Сарыағаш аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Конституциялық заң) 10 – бабына сәйкес өз өтінішіне сәйкес өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 1 мүшесінің, 5 учаскелік сайлау комиссияларының кейбір шығып қалған мүшелерінің, округтік сайлау комиссиясының шығып қалған 1 мүшесінің орнына жаңадан мүшелерді сайлау өткізілетіні туралы хабарлайды.
Сайлау комиссияларының сандық құрамы сайлау учаскесіндегі сайлаушы санына байланысты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы белгілеуіне сәйкес құрылады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жыл.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.
Егер саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстарына сәйкес сайлау комиссиясын сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері 2025 жылғы 18 тамызынан бастап 2025 жылғы 01 қыркүйегіне дейін Сарыағаш аудандық мәслихатына мынадай құжаттарды тапсырады:
- электрондық және қағаз форматта белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясына ұсынылған кандидатуралар туралы мәліметтерді;
- Тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасынын үзінді көшірмесі;
- Саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
- Кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші
Өтініштің нысанын Сарыағаш аудандық мәслихатының ресми сайтынан алуға болады.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сонымен қатар аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын кандидаттар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 129/624 қаулысымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті сайлау комиссия құрамын құратын маслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс.
Сайлау комиссиясы құрамы жартысынан астамы бір үйым қызметкерлері болмауы тиіс, тек сайлау туралы Конституциялық заңының 23 бабы 3 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылған қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуы және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмері көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстар дүйсенбі жұма аралығында сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін қабылданады, түскі үзіліс 13:00-ден 15:00-ге дейін.
Сарыағаш аудандық мәслихаты
Асылбекұлы Рысбек – Сарыағаш аудандық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Сарыағаш қаласы, Исмайлов көшесі №37 үй.
Жауапты: Манапов Сабит Ұлықбекұлы – Сарыағаш аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру құқық бөлімшесінің бас маман-заңгері, қалааралық телефон коды (872537), қызметтік тел: 2-10-95, ұялы тел: 8-702-960-67-48.
Сайлау комиссиялары |
|||
қ/с |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Мекен жайы |
Сайланатын мүшелердің саны |
1 |
Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы |
(индекс: 160900) «Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты ғимарат, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, С.Ысмайлов көшесі №19 үй |
1 |
2 |
№629 |
Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№55 О.Жәутіков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Қабланбек ауылдық округі, Қабланбек ауылы, О.Жәутіков көшесі №33А үй. |
1 |
3 |
№633 |
Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№29 Ұлықбек атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Қабланбек ауылдық округі, Ақниет ауылы, Күншуақ көшесі №37 үй. |
1 |
4 |
№646 |
«Түркістан облысы полиция департаменті Сарыағаш ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Сарыағаш қаласы. |
2 |
5 |
№676 |
Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№70 С.Байғозиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Дарбаза ауылдық округі, Дарбаза ауылы, Жабай ата көшесі №41 үй. |
1 |
6 |
№677 |
Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№42 Ә.Жангелдин атындағы шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Дарбаза ауылдық округі, Тасқұдық ауылы, Жаңа жол көшесі №1 үй. |
1 |
Округтік сайлау комиссиясы |
|||
1 |
№23 |
№63 ж.о.м. Дарбаза ауылдық округі, Дарбаза ауылы, Бейбітшілік көшесі № 59. |
1 |
Ұсынымдарға 5.1-қосымша
Нысан
_____________________________________________________
(мәслихаттың толық атауы)
төрағасына
_________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
_______________________________________________тұратын
(облыс, Астана қ, Алматы қ, Шымкент қ,
_________________________________________________________
аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)
______________________________________________________
(ұялы телефондардың нөмірлері)
Өтініш
Мен,__________________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
______________________________________________________________________
(саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы)
ұсынылған Қазақстан Республикасының азаматы, аумақтық сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін.
Сайлау органдарында жұмыс тәжірибем бар _______________________________________
( иә, ___ жыл/ жоқ)
Өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығым жоқ.
Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.
Мен Парламент, мәслихат депутаты, әкім, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.
Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығымның, iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәніне сауалдар жіберу үшін менің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін.
2025 жылғы «____»____________ _________________________
(өтініш берушінің қолы)
Өмірбаяндық деректер:
Туған күні 19 _____ жылғы «____» _______________
Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) _____________________________________________________
Ұлты* _______________________________
Партиядағы мүшелігі * _______________________________________________________________
Білімі _____________________________________________________________________________
Мамандығы _________________________________________________________________________
Жұмыс орны немесе кәсіп түрі __________________________________________________________
Атқаратын қызметі ____________________________________________________________________
Жеке куәліктің деректері _____________________________________________________________
(куәлік нөмірі, қашан және кім берген)
Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін**.
Ескертпе:
* Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.
** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Өтінішке қосымша
Жақын туыстары туралы мәліметтер __________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
р/б |
Жақын туысқандарының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) |
ескертпе |
1. |
|
әкесі |
2. |
|
анасы |
3. |
|
ұлы |
4. |
|
қызы |
5. |
|
ағасы |
6. |
|
әпкесі |
7. |
|
атасы |
8. |
|
әжесі |
9. |
|
немересі |
10. |
|
жұбайы (зайыбы) |
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/saryagash-maslihat/press/news/details/1052515?lang=kk
Жауап қалдыру