Шардара су қоймасындағы жағдай бақылауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан облысының прокуроры Мұрат Әжінұрұлы Тлеубердиев, облыс прокурорының бірінші орынбасары Саян Шаймұратұлы Келдібеков және облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Талапұлы Қабденов Шардара ауданындағы экологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты Шардара ауданына шығу арқылы жағдайды тексеріп, аудан тұрғындарына жеке қабылдау өткізді. Әрбір өтініш мұқият әрі кәсіби түрде қаралды.

Бірқатар мәселелер бойынша сол жерде толық түсініктемелер берілді, ал кейбір өтініштер қосымша қарастыру және тиісті шаралар қабылдау үшін бақылауға алынды.

Облыс прокуроры халық пен тікелей байланыс орнатудың маңыздылығын атап өтті: «Біздің міндетіміз — азаматтарды тыңдап қана қоймай, олардың мәселелерін шешуге нақты көмектесу. Тек ашық диалог арқылы сенім орнатып, заң үстемдігін қамтамасыз етуге болады».

Қабылдау қорытындысы бойынша бейінді бөлімшелердің басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, оларды орындау мерзімдері белгіленіп, әрбір өтінішті қарау бойынша бақылау ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-turkestan/press/news/details/1052654?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді