
Мемлекет басшысының бастамасымен 2024 жылдың көктемінен бастап бүкіл республика бойынша «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы өткізілуде. Осы бастаманы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да қолдап «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, “КазТрансОйл” АҚ Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының кызметкерлері акцияга белсенді қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Сенбілік Алакөл көлінің жағасында, Ақши ауылында ұйымдастырылды. Сонымен қатар, іс шараға атсалысқан “КазТрансОйл” АҚ Шығыс операторлық қызметтер корсету басқармасының кызметкерлеріне жергілікті әкімдік тарапынан алғыс білдірілді.
#«Таза Қазақстан – біздің ортақ жауапкершілігіміз»

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-yrgaity/press/news/details/1052457?lang=kk
Жауап қалдыру