
Құрылыс жұмыстарының көлемі
2025 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы көлемі 148,7 млрд теңге болады деп күтілуде, бұл 2024 жылға қарағанда 2,9%-ға көп (2024 жылы – 144,4 млрд теңге). Физикалық көлем индексі (ФКИ) 101% деңгейінде болжануда.
2025 жылдың алғашқы 6 айында (қаңтар–маусым) құрылыс жұмыстарының көлемі 45,712 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2%-ға көп (44,794 млрд теңге). Физикалық көлем индексі – 100,3%.
2025 жылдың 7 айындағы (қаңтар–шілде) құрылыс жұмыстарының күтілетін көлемі 60,1 млрд теңге, бұл өткен жылға қарағанда 9,6%-ға артық. Физикалық көлем индексі – 107,7%.
Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі
2025 жылы 111,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда, бұл 2024 жылға қарағанда 3,1%-ға жоғары (2024 жылы – 108,1 мың шаршы метр).
2025 жылдың 6 айында пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 34,098 мың шаршы метрді құрады, бұл жоспардың 85,3%-ы (жоспар – 39,963 мың шаршы метр) және 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға жоғары (30,170 мың шаршы метр). Физикалық көлем индексі – 108,1%.
7 айдағы күтілетін көрсеткіш – 46,244 мың шаршы метр, бұл 2024 жылдың деңгейінен 33,9%-ға жоғары (34,533 мың шаршы метр). Физикалық көлем индексі – 133%.
Тұрғын үй құрылысы және пәтер сатып алу
Кредиттік тұрғын үй
Жалпы ауданы 55,8 мың шаршы метр болатын 9 үй (630 пәтер) салынуда. 2025 жылы 7 үй (450 пәтер) пайдалануға беріледі деп жоспарлануда (жалпы ауданы 39,2 мың шаршы метр). Қазірдің өзінде 3 үй пайдалануға берілді: Жезқазғанда – 1, Сәтпаевта – 2.
Жалдамалы тұрғын үй
Облыстық және жергілікті бюджеттің есебінен 5 үй (288 пәтер) салынып жатыр, жалпы ауданы – 19,1 мың шаршы метр. Жаңаарқа ауданында 36 пәтерлі бір үй 2025 жылдың сәуірінде пайдалануға берілді.
Коммерциялық тұрғын үй
Жеке инвестициялар есебінен 12 коммерциялық үй салынып жатыр, жалпы ауданы – 59,1 мың шаршы метр: Жезқазғанда – 6 үй, Сәтпаевта – 1, Жаңаарқада – 2, Жайрем ауылында – 3. Биыл 10 үйдің құрылысы аяқталуы күтілуде. Жыл басынан бері 2 үй (102 пәтер) пайдалануға берілді.
2025 жылы тұрғын үй құрылысының аяқталуы
19 үйдің құрылысы аяқталып, жалпы ауданы 80,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бұл 928 отбасын баспанамен қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік әлсіз топтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету
Республикалық бюджет пен облигациялық несиелер есебінен (18%) келесі елді мекендерде 202 пәтер сатып алуға қаржы қарастырылған:
-
Сәтпаев – 60 пәтер,
-
Қаражал – 112 пәтер,
-
Жаңаарқа – 20 пәтер,
-
Ұлытау – 10 пәтер.
Қазіргі уақытта 42 пәтер сатып алынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-kurylys/press/news/details/1052850?lang=kk
Жауап қалдыру