«Вакциналар: болашақ ұрпақ үшін денсаулықты қорғау»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Иммундау-бұл адамның иммунитетке ие болу процесі немесе әдеттегідей вакцинаны енгізу арқылы жұқпалы ауруға қарсы төзімді болуы. Екпенің көмегімен олар қызамық, паротит, қызылша, полимиелит, В гепатиті, дифтерия, көкжөтел, сіреспе, гемофильді инфекция вирустарымен нәтижелі күреседі. Вакцина жоғары деңгейдегі ерекше иммунитетті қалыптастырады. Вакцинация-бүкіл әлемде инфекциялармен күресудің ең тиімді, үнемді және қол жетімді құралы. Профилактикалық егулер 12 ауруға қарсы міндетті түрде вакцинациялауды көздейтін Ұлттық егу күнтізбесі шеңберінде жүзеге асырылады. Бұдан басқа егулер жекелеген кәсіптік топтарға, аса қауіпті инфекциялар бойынша қолайсыз елдерге баратын табиғи-ошақты аурулармен сырқаттанушық деңгейі жоғары аумақтарда тұратын адамдарға және инфекциялар ошағында эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Вакциналық шешімсіздікпен күресу, ата-аналардың иммундауға деген сенімін нығайту, иммундаудың маңыздылығы туралы ата-аналармен хабардылықты арттыруға және осылайша вакцинациялаумен қамтуды кеңейтуге бағытталған бастамалар. ҚР-да медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық егулер жүргізілетін аурулардың тізбесін,  оларды жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және профилактикалық егулерге жататын халық топтарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысымен айқындалған. “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 85-бабының 5-тармағына сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен егілетін адамның вакцинациялау жүргізуге ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін мынадай инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы міндетті профилактикалық егулер (вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттарды енгізу) жүргізіледі: – жоспарлы профилактикалық егулер: “В” вирустық гепатиті; В типті гемофилдік инфекция; дифтерия; көкжөтел; қызылша; қызамық; пневмококкты инфекция; полиомиелит; сіреспе; туберкулез; эпидемиялық паротит; – эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша профилактикалық егулер: құтыру; іш сүзегі; көктемгі-жазғы кене энцефалиті; оба; коронавирустық инфекция. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мынадай инфекциялық ауруларға қарсы эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша міндетті профилактикалық егулер (вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттарды енгізу) егілетін адамның вакцинациялау жүргізуге ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүргізіледі: “А” вирустық гепатиті; тұмау; сібір жарасы; туляремия. 2024 жылы жатыр мойны обырының қоздырғышы адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация Ұлттық екпелер күнтізбесіне енгізілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық екпелер күнтізбесіне адам папилломасы вирусына қарсы вакцинацияны енгізу еліміздің болашақ ұрпағының денсаулығын сақтаудағы маңызды қадам болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-audany-akimat/press/news/details/1052492?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді