
КЕЛЕС АУДАНЫНДА 22 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Келес ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Тұрдиев аудан аумағындағы тұрғын үй құрылыстарының барысымен танысты. Биыл «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында Келес ауданының орталығы Абай ауылында 2 қабатты 22 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Қазіргі таңда нысанда 120-ға жуық жұмысшы еңбек етуде. Жыл соңына дейін 16 пәтерлі 2 үйді пайдалануға беру жоспарланса, қалған үйлердің құрылысы келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда. Құрылыс жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде аяқтау – басты мақсат. Осыған байланысты аудан әкімінің орынбасары мердігер мекемелер мен жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, жұмыстың орындалу қарқынын бақылауда ұстайтынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1052962?lang=kk
Жауап қалдыру