🔰 ҚАЗЫҒҰРТ: ЖЕКЕМЕНШІК БАЛАБАҚШАЛАР ЖӘНЕ МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫМЕН ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫН ЖАСАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ-КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Департаментпен бекітілген арнайы кестеге сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадулаұлы 2025 жылдың 19 тамызында өндіріс орындарындағы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Қазығұрт ауданына қарасты жекеменшік балабақшалар мен жекеменшік мектеп басшыларымен кездесу ұйымдастырды.
 
🔹 Кездесуге Қазығұрт ауданы білім бөлімінің қызметкерлері, «Standard Life» АҚ-ның және «Freedom Life» АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалының өкілі Жөнелбай Мұрат және ауданға қарасты жекеменшік балабақшалар мен мектеп басшылары қатысты.
 
🔹 Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Рауан Жұмадулаұлы жұмыс берушінің жұмыскер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуын жүзеге асыру маңыздылығын тарқата отырып, оны “enbek.kz” порталына енгізу ережелері мен еңбек заңнамасының талаптарын түсіндірді.
 
🔹 Сондай-ақ, жұмыс беруші міндетті сақтандыру шарттарын жасаспаған жағдайда салынуға әкеп соғатын тиісті айыппұл көрсеткіштеріне, сақтандыру кезінде есептелетін сыйақы мен өтемақы мөлшеріне талдау жасады.
 
🔹 Кездесу соңында мемлекеттік еңбек инспекторы кездесуге қатысушыларға “Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру” және сақтандыру шарттарының жоқтығы үшін төленетін айыппұл мөлшері көрсетілген хабарламасын, сонымен қатар “hr.enbek.kz” порталына тіркеу нұсқаулығы баяндалған видеороликтерді таратып, алдағы уақытта осы бағытта көзделген іс-шараларды бірлесе отырып, жүзеге асыруға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1053209?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді