🔰 ШАРДАРА: АУДАНҒА ҚАРАСТЫ БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨНДІРІСТЕГІ САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫНА ТАЛДАУ ЖАСАЛЫНҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сихымбай Дінмұхамед Иглікұлының Департаментпен бекітілген арнайы кестеге сәйкес аудандардағы бүгінгі іс сапар барысы Шардара ауданында орналасқан Оқушылар сарайында өткен кездесумен жалғасын тапты.
 
🔹 Кездесуге «NOMAD LIFE» АҚ-ның Түркістан қаласындағы 4 санаттағы басқарушы директоры Садуақас Сұлушаш Маратқызы, ауданға қарасты жекеменшік және мемлекеттік балабақшалар мен мектептердің басшылары, аудан білім бөлімінің қызметкерлері және өзге де кәсіпорын басшылары қатысты.
 
🔹 Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дінмұхамед Иглікұлы жұмыс берушінің жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуын жүзеге асыру маңыздылығын тарқата отырып, оны “enbek.kz” порталына енгізу ережелері мен еңбек заңнамасының талаптарын түсіндірді.
 
🔹 Сондай-ақ, мемлекеттік еңбек инспекторы өз баяндамасында жұмыс беруші міндетті сақтандыру шарттарын жасаспаған жағдайда салынуға әкеп соғатын тиісті айыппұл көрсеткіштеріне, сақтандыру кезінде есептелетін сыйақы мен өтемақы мөлшеріне талдау жасады.
 
🔹 Кездесу соңында Дінмұхамед Иглікұлы кездесуге қатысушыларға “Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру” және сақтандыру шарттарының жоқтығы үшін төленетін айыппұл мөлшері көрсетілген хабарламасын, сонымен қатар “hr.enbek.kz” порталына тіркеу нұсқаулығы баяндалған видеороликтерді таратып, алдағы уақытта осы бағытта көзделген іс-шараларды бірлесе отырып, жүзеге асыруға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1053292?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді