
18 тамыз аудан әкімдігінде «ЭКО-DUMP» ЖШС өкілдерімен жұмыс кездесуі өтіп, онда Зеренді ауданында қоқыс өңдеу кешенін салу жобасы қаралды.
Талқылауға аудандық мәслихаттың төрағасы Р.Қ. Ғабдуллина, аудан әкімдігі өкілдері, сондай-ақ Серафимовка ауылының тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында жобаның негізгі бағыттары, оның экологиялық және экономикалық артықшылықтары, жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері мен заманауи қалдықтарды өңдеу технологияларын енгізу жолдары таныстырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1053233?lang=kk
Жауап қалдыру