2025 жылдың І жартыжылдығында Алматы қаласының коммуналдық мақсаттағы объектілеріндегі өндірістік бақылау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өндірістік бақылау – өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам және оның тіршілік ететін ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шаралар, оның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтар кешені.

 

Өндірістік бақылаудың мақсаты объектіде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау жүйесі құжаттарында белгіленген талаптардың сақталуына өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және жүргізу жолымен өнімнің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің адам үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз ету болып табылады.

 

Өз қызметі процесінде эпидемиялық мәні жоғары объектілер нормалау құжаттарына сәйкес зертханалық зерттеулер мен өлшемдерді жүзеге асыру үшін өндірістік бақылау бағдарламаларын әзірлеуге, сондай-ақ медициналық қарап-тексерулердің уақтылы және толық өтуін бақылауды қамтамасыз етуге тиіс; өнімнің (оның ішінде келіп түсетін шикізаттың, буып-түю материалдарының, тамақ өнімдерімен жанасатын бұйымдардың) қауіпсіздігін және сәйкестігін растайтын құжаттардың болуын, құжаттардың (мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің, сәйкестік туралы декларациялардың, сертификаттардың, ветеринариялық құжаттардың) қолданылу мерзімдерін және рұқсат беру құжаттарының (санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе қызметтің басталуы туралы хабарламаны қабылдау туралы талон) болуын бақылауға тиіс.

 

2025 жылдың І жартыжылдығында барумен профилактикалық бақылау тізіміне сәйкес 2 объектіге қатысты бақылау жүргізілді. Бақылау қорытындысы бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне ұйғарымдар берілді.

 

Сонымен бірге, кәсіпкерлік субъектілері 2024 жылғы 1 шілдеден бастап халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдарға өндірістік бақылау нәтижелері бойынша мерзімді есептерді ұсынуға тиіс екенін еске саламыз.

 

Өндірістік бақылау нәтижелері бойынша эпидемиялық мәні жоғары объектілер мерзімді есептер ұсынбаған жағдайда, оларға қатысты жедел ден қою шараларын қолданып, барумен профилактикалық бақылау қалыптастырылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1053156?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді