Ақтөбе облысының жастарына арналғн «Тәуелсіздік ұрпақтары» облыстық гранттық конкурсының басталғаны туралы хабарлаймыз!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Ғылым”, “Мәдениет”, “Ақпараттық технологиялар”, “Бизнес”, “Медиа”, “Волонтерлік” бағыттары бойынша барлығы 20 жеңімпазға 1 300 000 теңге грант беріледі.

«Ғылым» – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;

«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;

«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;

«Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;

«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;

«Волонтерлік» – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.

Байқауға Ақтөбе облысының 18-34 жас аралығындағы үміткерлер өтінім бере алады.

Конкурстық өтінімдер 2025 жылдың 20 қазан – 3 қараша аралығында қабылданады.

Толығырақ: 8 747 566 39 58

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1053559?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді