
“Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы” ММ «Бұқар Жырау көшесін Жошы хан көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін салу» жобасы аясында асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды. Сонымен қатар, кезең-кезеңімен ішінара жауып қою жүргізілетін болады.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 20-31 тамыз аралығында көрсетілген учаскелерде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы бір бағытта ұйымдастырылатын болады. Бірінші Әл-Фараби даңғылынан Мәнгілік Ел даңғылына қарай, кейін Жошы хан көшесінен Әл-Фараби даңғылына қарай.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uad/press/news/details/1053587?lang=kk
Жауап қалдыру