
Астанада Тамыз конференциясы аясында ұстаздардың дәстүрлі форумында жүздеген ұстаз Абай Құнанбайұлының әйгілі «Желсіз түнде жарық-ай» әнін шырқады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
400 педагог Тамыз конференциясы аясындағы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы «Педагогтердің кәсіби дамуы: болашаққа бағдар» панельдік сессиясын Абайдың «Желсіз түнде жарық-ай» әнін орындап ашты. Ақынның бұл әні домбырамен бірге шырқалды.
Іс-шараны №87 Абай атындағы мектеп-гимназия ұйымдастырды. Сол сияқты жиында Абайдың әндері, өлеңдері мен қара сөздері орындалды.
Айта кетейік, биыл елімізде қазақтың ұлы ақыны, философ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы кең көлемде атап өтіліп жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1053609?lang=kk
Жауап қалдыру