«Atyrau Puzzle Day» сайысында үздік жас командалар анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықаралық жастар күніне арналған онкүндік аясында кезекті іс-шара – «Atyrau Puzzle Day» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Сайысқа 14-35 жас аралығындағы жастардан құралған 42 команда қатысты.

Пазл құрастыру – бұл тек ойын ғана емес, ой мен зейіннің сайысы. Бұл жастардың логикалық ойлауын жетілдіруге, шығармашылық қабілетін шыңдауға әрі командалық рухты нығайтуға мүмкіндік береді.

Интеллектуалды ойын барысында қатысушылар белгіленген уақыт ішінде бірдей көлемдегі әртүрлі пазлдарды құрастырып, шапшаңдық танытқан командалар жеңімпаз деп атанды.

Атап айтқанда, І орынды «Пазл патшалары» командасы иеленіп, 150 000 теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. ІІ орын және 100 000 теңгелік жүлде «8 сағат» командасына, ал ІІІ орын мен 50 000 теңге «Алаш» командасына бұйырды.

Іс-шара Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Жеті Жарғы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1053310?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді