Азаматтарға – назар, мемлекетке – сенім

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында Еңбекшіқазақ ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен Халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтарды қабылдау шарасы өткізілді.

Қабылдауға аудандық әкімдік өкілдері, полиция басқармасының қызметкерлері және тиісті мемлекеттік органдардың мамандары қатысты.

Азаматтарды қабылдау мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы ашық диалогты қамтамасыз етудің, азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асырудың, сондай-ақ билік институттарына деген сенімді нығайтудың маңыздылығын көрсетеді.

Аудан прокуратурасы осындай кездесулер алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатынын хабарлайды.

#Заң_мен_Тәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1053438?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді