
Астанада Сарыарқа ауданы әкімдігінің бастамасымен ҚР Конституциясның қабылданғанына 30 жыл толуын тойлау аясында балалар елорданың көрікті жерлерін қосқабатты туристік автобуспен аралады.
«Жалпы аудан әкімдігі әр мереке сайын балаларға көңіл бөлуге тырысады. Конституция күнін тойлау аясында ауданымыздың балалары екіқабатты қызыл автобуспен қаланың тарихи және мәдени жерлерін аралады. Атап айтқанда, «Бәйтерек» монументі, туристер көп жиналатын ЭКСПО қалашығы, Бейбітшілік және келісім сарайы мен Тәуелсіздік алаңы және т.б. » -, деп атап өтті аудан мамандары.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1053151?lang=kk
Жауап қалдыру