
Кеше Жетісу облысы бойынша Тексеру комиссиясының қызметкерлері мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспектор – мемлекеттік аудиторы Ермек Қазбекұлы Өтегеновты туған күнімен және құрметті зейнеткерлікке шығуымен құттықтады. Тексеру комиссиясының төрағасы Ардақ Айдарқұлұлы Тоқбергенов мемлекеттік аудит саласында, сонымен қатар мемлекеттік қызметте тынымсыз еңбек еткен Ермек Қазбекұлына адал және тұрақты жұмысы үшін алғысын білдірді. Тексеру комиссиясының қалыптасуы мен жұмысындағы, сондай-ақ қаржылық бұзушылықтардың алдын алудағы еңбегі мен жеке үлесін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkom-jetysu/press/news/details/1053593?lang=kk
Жауап қалдыру