
Ақмола облысының Егіндікөл ауданының тұрғындары Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Юлия Кучинскаяға ауызсудың мәселесіне, жолдардың нашарлығына және ауылдағы жолдардың су астында қалуына қатысты шағымдарын жеткізді. Өз кезегінде мәжілісмен суға қатысты жобалардың іске асырылуына бақылауды күшейтуге уәде беріп, Нұра топтық су құбырын жаңғыртуға арналған кеңес өткізді.
– Сапалы ауыз суға қол жеткізу – әрбір азаматтың заңды құқығы, бұл артықшылық емес, өмірлік қажеттілік. Егіндікөл ауданында көп жылдан бері қордаланған мәселе партиямыз бен мемлекеттік органдардың жүйелі жұмысының арқасында шешімін табуда. Біздің басты міндетіміз – мәселені уақтылы шешіп, әрбір ауыл мен әрбір үйді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету,– деді депутат.
Биылғы жылы су нысандарын жөндеуге, сорғыларды, ысырмаларды және су өткізетін құбырларды ауыстыруға, есептегіш құралдарды орнатуға қаражат бөлінді. Егіндікөл және Полтавка ауылдарында су мұнаралары жөнделмек. Ал Абай, Жұлдыз және Жалманқұлақ ауылдарында суды тазартуға арналған блок-модульдер орнатылады. Бұл шаралар халыққа санитарлық талаптарға сай қауіпсіз ауызсу жеткізуге мүмкіндік береді. 2025 жылы кемінде 80 ауылды ауыз сумен қамту жоспарланған. Осылайша жалпы саны 148 ауыл таза ауыз суға қол жеткізетін болады. Сонымен қатар Көкшетау, Қосшы, Макинск және Ерейментау қалаларында және ауылдық округтерде жобалар іске асырылуда. Депутаттардың өңірлерге жұмыс сапарлары туралы толығырақ parlam.kz сайтынан оқи аласыздар. t.me/mazhilis_kz
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-aqmola/press/news/details/1053131?lang=kk
Жауап қалдыру