Халықаралық топқа қатысу туралы өтініштің нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 178 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) 2025 жылғы 11 тамыздағы № 439 ҚР Қаржы министрінің «Халықаралық топқа қатысу туралы өтініштің нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 178 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығының қабылданғаны жөнінде хабарлайды.

       Аталған өзгеріс нормативтік реттеудегі олқылықтарды жоюға және халықаралық топқа қатысу туралы өтінішті белгіленген тәртіппен ұсынуды қамтамасыз етуге бағытталған.

       Өзгеріс өтінішті белгіленген тәртіппен және кезектілікпен ұсыну тәртібін бұзуды оны мүлде ұсынбаған жағдайларға теңестіруді көздейді. Қолданыстағы заңнама, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 273-бабы мұндай бұзушылықтар үшін жауапкершілікті көздемейді, бұл өз кезегінде құқықтық реттеуді қажет етті.

       Жаңа түзетулердің іске асырылуы келесілерді қамтамасыз етеді:

  • өтініштерді беру кезінде бірізділікті;
  • халықаралық топтардың қатысушыларының жауапкершілігін арттыруды;
  • мемлекеттік орган тарапынан өтініштерді қабылдау мен деректерді талдау процесін тиімді әкімшілендіруді.

       Еске саламыз, бұйрық күшіне енген күннен бастап халықаралық топқа қатысу туралы өтініш, егер:

       Қағидалардың 3 тармағында көзделген ұсыну тәртібі бұзылса, оның ішінде ұсынудың белгіленген тәсілдерінің кезектілігі сақталмаса және (немесе) оны электрондық түрде ұсыну мүмкін болмағанын растайтын құжаттар ұсынылмаса, табыс етілмеген деп есептеледі.

       Осыған байланысты, Комитет өтінішті ұсынбағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

       Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 12 тамызда № 36607 болып тіркелді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1053205?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді