Көлік полицейі еркін күрестен өткен халықаралық турнирде жүлделі орынға ие болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 17 тамызда Ақмола облысының Қосшы қаласында 35-40 жас аралығындағы спорт шеберлері арасында еркін күрестен ашық халықаралық турнир өтті. Аталған турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінен келген тәжірибелі балуандар қатысты.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Көліктегі полиция департаментінің арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының аға инспекторы, полиция подполковнигі Мұратбек Абуталипов бақ сынап, жоғары шеберлігін, күш-жігері мен төзімділігін көрсетіп, жүлделі 3-орынға ие болды.

Құқық қорғау органдары өкілдерінің мұндай халықаралық спорттық жарыстарға қатысуы полиция қызметкерлерінің физикалық дайындығының маңыздылығын айқындап, спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға өз үлесін қосады.

Турнир ұйымдастырушылары қатысушылардың дайындығының жоғары деңгейін атап өтіп, мұндай жарыстардың алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізілуіне сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1053239?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді