
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (ҚҚГҚ) өте жұқпалы, табиғи жолмен пайда болатын, арбовирус тудыратын, фебрильді, табиғи ошақты геморрагиялық ауру.
Өлім көрсеткіші 10-40 пайызды құрайды. Қауіпті вирус адам ағзасына кене шаққанда немесе ауру жануарлар мен адамдардың ашық жараларымен жанасу арқылы енеді. Аурудың резервуары кеміргіштер, ірі және ұсақ мал, құстар, сүтқоректілердің жабайы түрлері, сондай-ақ жұмыртқа арқылы ұрпаққа вирусты беруге қабілетті және өмір бойы вирус тасымалдаушысы болып табылатын кенелер болып табылады. Қоздырғыштың көзі – ауру адам немесе ауру жануар. Вирустың жасырын кезеңі 1 күннен 14 күнге дейін созылуы мүмкін. Ол әдетте 2-9 күнде көрінеді. Ауру тез дамиды. Бірінші кезеңде температура күрт көтеріліп, бірте-бірте 39-40 және одан да жоғары көтеріледі, бас ауруы, қалтырау, беттің және шырышты қабаттардың қызаруы басталады.
«Аурудың алғашқы жағдайы 2008 жылы Грекияда, одан кейін 2016 жылы Испанияда, 2009 жылы Грузияда, 2011 жылы Үндістанда тіркелді».
Өзіңізді аурудан қорғауға арналған 5 кеңес
– Кенелермен жанасудан аулақ болыңыз: ауру жұқтырған кене шаққан кезде жұғады. Сондықтан кене жиі кездесетін жерлерде сақтық шараларын сақтау қажет.
– Көшеде болғаннан кейін киіміңізді тексеріңіз: егер киіміңізде кене табылса, оны арнайы пинцет немесе басқа құралдар арқылы мүмкіндігінше тезірек алып тастау керек.
– Ауру жануарлармен және олардың қанымен жанасудан аулақ болыңыз: вирус жануарлардың тіндерімен байланыста болуы мүмкін. Сондықтан ауру малмен жанасудан аулақ болу керек
– Гигиенаны сақтаңыз: қолды сабынмен және сумен үнемі жуу инфекцияның таралуын болдырмаудың маңызды қадамы болып табылады.
– Симптомдардан хабардар болыңыз: қызба, бас ауруы, бұлшықет ауыруы, жүрек айнуы, құсу және қан кету сияқты белгілер пайда болса, дереу дәрігерге қаралыңыз. Ерте анықтау және емдеу қалпына келтіру мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1053607?lang=kk
Жауап қалдыру