Мемлекеттік кірістер комитетінің чат- ботында декларациялауға қатысты сұрақтарға жауаптар беріледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халыққа жедел көмек көрсету мақсатында Telegram қосымшасында @Salyqbot сілтемесі арқылы жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша түсініктемелер алу үшін жаңа сервис әзірленді. Осы бөлімге кіру үшін QR кодын пайдалануға болады.

Сондай-ақ SalyqBot көмегімен Сізде:

– салық берешегінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді лезде білуге;

– көлік құралдарына салынатын салықты дербес есептеуге;

– салықтарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл сомасын есептеуге;

– өзекті анықтамалық ақпаратты білу, салық күнтізбесін пайдалануға;

– түйінді сөздер бойынша салық және кеден заңнамалары бойынша пайдалы ақпарат алуға;

– тіркелу арқылы есептілікті берудің, салық төлеудің алдағы мерзімдері туралы еске салатын push-хабарламаларды, сондай-ақ пайдалы жаңалықтар мен хабарламаларды (ақпарат пайдаланушының-жеке немесе заңды тұлғаның мүддесін ескере отырып жіберіледі) алуға;

– банк шоттарын бұғаттан шығару, жеке тұлғалардың банкроттығы, жеке тұлғалардың көлігіне, жеріне және мүлкіне салық төлеу мәселелері бойынша жедел көмек алуға;

– егер сіз заңды тұлға болсаңыз, төленген сомалар туралы мәліметтер алуға мүмкіндігіңіз бар.

@Salyqbotқа тіркеліп, цифрлық салық кеңесшісінің қызметін пайдаланыңыз!

 

https://t.me/SalyqBot?start=help_decl

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1053139?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді