
2025 жылғы 18 тамызда Жезқазған қаласындағы С. Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» атты мұғалімдердің аймақтық тамыз конференциясы өтті.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, білім басқармаларының басшылары, балабақша, мектеп, колледж және қосымша білім беру ұйымдарының жетекшілері мен педагогтері қатысты.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің атынан құттықтау сөз сөйлеген ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіров 2025 жылғы Республикалық тамыз конференциясында қабылданған шешімдерді жариялап, жаңа 2025–2026 оқу жылына арналған Министрліктің ұстанымы мен басым бағыттарын атап өтті.
2024–2025 оқу жылының қорытындылары шығарылып, жаңа міндеттер таныстырылды, педагогтердің аттестациясы, жасанды интеллектті енгізу және STEAM бағыттарын дамыту мәселелері талқыланды.
Конференция қатысушыларының ерекше назарын «Дарын пен шабыт: болашаққа жол» республикалық олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының көрмесі аударды. Оқушылар пәндік тәжірибелерді, қолөнер бұйымдарын, ғылыми жобалар мен робототехника саласындағы әзірлемелерін ұсынып, креативтілік пен зерттеушілік қабілеттерінің жоғары деңгейін көрсетті.
Салтанатты іс-шарада Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков педагогтерге марапаттар табыстады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control/press/news/details/1053121?lang=kk
Жауап қалдыру