
Нұрдәулет Қилыбай джиу-джитсудан әлем чемпионы Жәнібек Әбу-Бәкірді қабылдады
Бүгін, 18 тамыз күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай XII Дүниежүзілік ойындарда жеңіске жеткен маңғыстаулық спортшы Жәнібек Әбу-Бәкір мен оның жеке бапкерін қабылдады. Кездесу барысында аймақ басшысы чемпионды тарихи жеңісімен құттықтап, облыс пен ел абыройын асқақтатқан қажырлы еңбегі үшін алғысын білдірді. – Дүниежүзілік ойындарда үздік нәтиже көрсетіп, облыстың ғана емес, еліміздің абыройын асқақтатуға күш салдыңыз. Бұл жеңіс – табандылық пен тынымсыз еңбектің жемісі. Алдағы уақытта да жоғары белестерді бағындыруыңызға тілектеспін, – деді Нұрдәулет Қилыбай. Еске сала кетейік, Қытайдың Чэнду қаласында өткен XII Дүниежүзілік ойындарда 69 келі салмақта сынға түскен Жәнібек Әбу-Бәкір джиу-джитсудан финалда қарсыласы Фарид Бен Алиді 12:9 есебімен ұтып, алтын медаль иеленді. Бұл – Қазақстанның осы ойындардағы алғашқы алтын жүлдесі.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/1053461?lang=kk
Жауап қалдыру