Премьер-министр теміржол саласын цифрландырудың біртұтас тәсілін қамтамасыз етуді тапсырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Премьер-министр теміржол саласын цифрландырудың біртұтас тәсілін қамтамасыз етуді тапсырды
Премьер-Министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласын цифрландыру мәселелері қаралды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Министрдің мәліметінше, цифрлық трансформация шеңберінде негізгі бағыттар электрондық форматқа көшіру, бизнес-процестерді реинжинирингтеу, инновациялық экожүйені құру, пойыздарды OneWeb және Starlink спутниктік интернетімен қамтамасыз ету, сондай-ақ транзиттік тасымалдарды онлайн-қадағалау жүйесін енгізу болып табылады. Премьер-министр автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізу, Цифрлық диспетчерлеу және ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен саланы цифрландыруға баса назар аударды. Премьер-министр Темір жол саласын цифрландыру кезінде IT-инфрақұрылымды басқаруға және ақпараттық жүйелердің интеграциясын жүргізуге тұтас көзқарастың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-druzhba/press/news/details/1053526?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді