
Қарағандыда пәтер ұрысы ұсталды: қылмыскердің әрекеті бейнежазбаға түсіп қалды
Қарағанды қаласы Полиция басқармасының Октябрь бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері зергерлік бұйымдарды ұрлаумен айналысқан кәсіби ұрыны құрықтады. 36 жастағы қала тұрғыны полицияға пәтерінен алтын әшекейлердің қолды болғаны жөнінде арызданған. Тергеу барысында күдікті пәтерге терезе мен балкон арқылы кіріп, жалпы құны 675 мың теңге болатын әшекейлерді ұрлағаны анықталды. Аталған дерек бойынша «Ұрлық» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қылмысты ашу үшін тәжірибелі қызметкерлерден арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, бейнебақылау камераларының жазбалары талданды. Нәтижесінде 30 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Оның айғақтары бойынша ұрланған әшекейлер қаладағы ломбардтардың бірінен тәркіленді. Сонымен қатар, тергеу кезінде күдікті тағы бір пәтер ұрлығына қатыстылығын мойындады. Ол кезде ол 28 жастағы тұрғынның пәтеріне балкон арқылы кіріп, 300 мың теңгеден астам мүлікті ұрлап кеткен. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1053245?lang=kk
Жауап қалдыру