
2025 жылғы 15 тамызда Веселоподол ауылдық округінің бас маманы Балкенова И.А. ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында келесі маңызды мәселелер талқыланды:
- өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- интернет алаяқтықтың алдын алу;
- алдағы жылыту маусымына қатты отынды уақтылы сатып алу;
- іргелес аумақтарды тазалау және абаттандыру;
- Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары.
Сонымен қатар, тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратылды.
Кездесу еркін диалог форматында өтті, онда қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап ала алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sarykol-veselopodal/press/news/details/1053380?lang=kk
Жауап қалдыру