
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылғы 13 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы күшіне енетінін хабарлайды.
Аталған Заң аясында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне медициналық қызметтер саласында мемлекеттік бақылау жүргізу функциясы жүктеледі. Осыған байланысты меншік нысанына қарамастан барлық денсаулық сақтау субъектілері лицензияның, лицензияға қосымшаның және маман сертификатының болуын қамтамасыз етуге міндетті.
2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап жоспардан тыс тексерулер барысында төмендегідей заңбұзушылықтар анықталған жағдайда:
• лицензияның болмауы – қызметті 90 күнге дейін тоқтата тұруға әкеледі;
• сертификаттың болмауы – медицина қызметкерін 30 күнге дейін қызметінен шеттетуге әкеп соғады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-almaty/press/news/details/1053430?lang=kk
Жауап қалдыру