Қостанай облысының прокуратурасыалимент өндіріп алу шараларын күшейтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Қостанай облысының прокуратурасы алименттерді уақтылы және толық төлеуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған рейдтік іс-шараларды ұйымдастырды.

Рейдтерге прокуратура қызметкерлері, сот орындаушылары, ішкі істер және жұмыспен қамту органдарының өкілдері қатысты. Борышкерлердің тұрғылықты жеріне бару барысында төлемеудің себептері анықталып, олардың материалдық жағдайы сарапталып, жұмысқа орналасу нұсқалары ұсынылды. Сот орындаушылары хабарламалар мен ескертулерді табыстап, түсініктемелер алды, ал прокурорлар сот актілерін орындамаудың құқықтық салдарын түсіндірді.

Сот шешімдерін орындаудан жалтарғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 669-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған – 5 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу. 2025 жылы 182 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды: олардың 70-іне айыппұл салынып, 112-сі қамауға алынды.

Қасақана жалтару белгілері болған жағдайда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық істер қозғалады. Жыл басынан бері прокуратураның үйлестіруімен 60 ата-ана қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Солардың бірінде 5 жыл ішінде 6,4 млн теңге алимент қарызы болған азамат 1 жылға бас бостандығын шектеу түрінде сотталған.

Облыс көлемінде прокурорлар 73 рейдтік іс-шара өткізді, нәтижесінде 334 борышкер жұмысқа орналастырылып, алименттердің тұрақты төлемі қамтамасыз етілді. Қадағалау жұмыстары нәтижесінде 300-ден астам балаға 264,6 млн теңге қарыз өтелді.

Алименттерді өндіру жұмысы жүйелі түрде жүргізілуде, бұл ретте мәжбүрлеу шараларымен қатар профилактикаға, құқықтық ағартуға және адал төлеушілерді қолдауға баса назар аударылуда.

Қолға алынған шаралардың басты мақсаты – кәмелетке толмағандарға тұрақты қаржылық қолдау көрсету және олардың лайықты өмір сүру құқығын қорғау.

                        Қостанай облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1053403?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді