
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 18-тамыздан 19-тамызға қараған түні cалықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесінде (CӘАЖ) қысқа мерзімді ақаулық орын алғандығын хабарлайды. Аталған ақаулық кейбір қосылған құн салығы (ҚҚС) төлеушілерін ҚҚС бойынша тіркеуден шығару процесіне әсер етті.
ҚҚС төлеушілерінің қате түрде тіркеуден шығарылған деректерін сәйкестендіру жұмыстары СӘАЖ мен ЭШФ АЖ-де 2025 жылғы 19 тамыз күні сағат 19:00-ге дейін аяқталады.
Бұл ретте, қажет болған жағдайда аталған салық төлеушілер ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы екенін хабарлайды:
− 2025 жылғы 20 тамыздан бастап бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;
− 2025 жылғы 20 тамыздан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.
Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1053460?lang=kk
Жауап қалдыру