
Сіздерді спорт мерекесі – Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Спорт – адам өмірінің ажырамас бөлігі, денсаулық кепілі және қоғамдағы бірлік пен ынтымақтың айнасы. Елбасы айтқандай, «Саламатты ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі». Сондықтан бұқаралық спортты дамыту – біздің басты мақсаттарымыздың бірі.
Түркістан қаласында спорттық инфрақұрылым жылдан-жылға дамып, түрлі деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылуда. Бұл – салауатты өмір салтын ұстануға, жастардың спортқа қызығушылығын арттыруға үлкен серпін беруде.
Осы мереке күні спорт саласында еңбек етіп жүрген бапкерлерге, спортшыларға, дене шынықтыру ұжымдарына және салауатты өмір салтын насихаттап жүрген барлық жанға алғысымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, табыс, жаңа жеңістер тілейміз!
Еліміздің көк туы әлемдік ареналарда желбіреп, спортшыларымыздың жеңіс тұғырынан көріне берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1053057?lang=kk
Жауап қалдыру