Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы жойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ҚР ІІМ және Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасының полицейлері заңсыз есірткі өсіру деректерін анықтау бағатында жедел шаралар өткізуде.
Рейд барысында полиция қызметкерлері мен Ұлттық Ұланның «Бүркіт» арнайы жасағы Сырдария ауданы Бесарық ауылының маңынан ірі есірткі алқабын анықтады. Салмағы 58 кг-ға жуық 1156 түп есірткі тәркіленді. Бұдан бөлек, полицейлермен оқиға орнында жалпы салмағы 1 кг. 610 гр. кептірілген марихуана анықталды.
Оқиға орнында 42 және 33 жастағы облыс тұрғындары ұсталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
«Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы барлығы 172 есірткі құқық бұзушылықтары анықталды. 959 кг. есірткі тәркіленді. 5 фитозертхана анықталды. Есірткі өсірумен айналысқан 36 адам ұсталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1053488?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді