
Түркістан облысы дәрігерлік дене тәрбиесі диспансерлік МКҚК мекеме қызметкерлерімен «Салт дәстүр – сан ғасырлық саф мұра» тақырыбында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері, ішкі саясат бөлімінің мамандары мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері қатысты.
Кездесудің мақсаты – ұлттық салт дәстүріміздің діңгегін кеңейтіп, тамырын кеңге жаю және келешек ұрпаққа мұра ретінде жеткізу болып табылады.
Спикерлер жастармен ашық сұхбат өткізіп, дәстүрлі ислам құндылықтары мен қазақ халқының ұлттық болмысы арасындағы үйлесімділікке ерекше тоқталды.
Кездесу барысында арнайы келген қонақтар «Қазақ халқының салт дәстүрі мен ислам діні – бір -бірінен алшақ ұғымдар емес, қайта бірін-бірі толықтыратын рухани құндылықтар. Бабаларымыздың аманаты болған имандылық пен ізгілік ұстанымдары бүгінде де өзекті. Жастар осы тамырдан ажырамауы керек», – деп ой қозғады.
Сонымен қатар кездесуде ұлттық мерекелер, дәстүрлерді таныстыру, фольклорлық шаралар өткізу туралы жеткізілді.
Кездесу қорытындысымен қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.
Кездесуге 50-ге жуық қызметкерлер қатысты.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1053242?lang=kk
Жауап қалдыру