
Екпін ауылында заманауи спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде
Екпін ауылында ауыл тұрғындары мен жастарға арналған жаңа спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары сапалы әрі бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес атқарылып жатыр.
Жоба аясында заманауи талаптарға сай спорттық инфрақұрылым салынуда. Жаңа кешенде түрлі спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік беретін алаңдар, жаттығу залдары және қосымша нысандар қарастырылған.
Аталған нысан пайдалануға берілгеннен кейін ауыл тұрғындарының дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысуына жағдай жасалып, жастардың спортқа деген қызығушылығы арта түседі деп күтілуде. Сонымен қатар, бұл кешен салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға елеулі үлес қоспақ.
Құрылыс жұмыстарын “Жансерік” ЖШС мердігер ұйымы жүзеге асыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-aksuat-ekpin/press/news/details/1053466?lang=kk
Жауап қалдыру